ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Аудандардағы кездесулер

06.10.2017

Осы аптада Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Дулат Нұрмолдиннің облыс аудандарына жұмыс сапарлары басталды. 

Ақкөл, Егіндікөл, Астрахан және Бұланды аудандарына сапары барысында маңызды сұрақтар талқыланған Қоғамдық  кеңестердің мүшелерімен кездесу өтті.   

Дулат Нұрахметұлы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына жолдауының негізгі аспектілеріне баса көңіл бөлді, кездесу қатысушыларына бүгінгі күні Ақмола өңірінде оларды іске асыру үшін қандай шаралар қолданып жатқандығын түсіндіре отырып, қол жеткізген нәтижелер туралы айтып берді. Әзіресе әлеуметтік саладағы, білім берудегі жүргізіліп жатқан реформаларға толығырақ тоқталды, халық арасындағы жүргізіліп жатқан идеалогиялық жұмыстарды ерекше атап кетті. 

     Келесі маңызды тақырыптардың бірі Қоғамдық кеңестердің қызметі мен даму перспективалары болды. 

    Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы өз сөзінде қоғамдық кеңестер мемлекеттік билік пен біздің отандастарымыз арасындағы өз кезегінде маңызды байланыстырушы болып табылатынын атап кетті.  Қоғамдық кеңестің әрбір мүшесі үнемі біздің көпұлтты қоғамның жүрек қағысын қадағалап отыруы және уақытылы мемлекеттік билік органдарының өкілдері алдында оның мүддесін бейнелеуі тиіс. Ол үшін кәсіпорындар мен мекемелерге баруға көп көңіл бөліп, олардың жұмыс ерекшеліктерімен танысуы тиіс, олардың жұмыстарын жандандыруға бағытталған ұсыныстар мен ескертулер әзірлеуі тиіс. Адамдармен кездесулерге де баса назар аудару керек. Халыққа мемлекеттік саясаттың аспектілерін түсіндіріп,  отандастарымыз қандай проблемаларға тап болатынын анықтап, отырыстарда оларды талқылап, бірлесе отырып, оларды шешу жолдарын анықтау қажет. Бастысы - еңсені түсірмей, ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізу. Сондықтан Қоғамдық кеңестің әрбірінің арқасына мемлекет пен қоғам алдында үлкен жауапкершілік тұр. 

         Қазіргі уақытта орындарда қоғамдық кеңестердің жұмыстарын жетілдіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Кеңестер құрылғаннан бері көлемі бойынша маңызды материалдар жинақталды, олардың негізінде қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын дайындау бойынша салалық министрлікке жіберілген ұсыныстар мен ескертулер әзірленді. Сондай-ақ, ол қоғамдық кеңеспен қаралатын сұрақтарға құқықтық сараптама туралы проблемаларды шешу қажеттігін атап кетті, себебі кеңестердің жұмыс тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың құрамында заң білімі бар қатысушылардың жеткіліксіздігі байқалды. Кеңестердің құрамына таланатты жастарды да тарту қажет. 

         Кездесуді жалғастыра отырып, Дулат Нұрахметұлы қатысушыларды облыстық Қоғамдық кеңестің жұмыс қорытындысымен, оның шеңберінде құрылған жұмыс тобымен, нормативтік құқықтық актілердің жобалары туралы, жүргізілетін қоғамдық тыңдаулар, олардың форматтары  туралы таныстырды, олар тұрақты негізде мемкемелер мен кәсіпорындардың жауапты басшыларын шақырумен жүргізіледі. Олардың негізінде нақты ескетулер мен ұсыныстар әзірленеді. 

         Кесдесу қорытындысын шығара отырып, Д. Нұрмолдин қоғам үшін осындай маңызды институттың одан әрі дамыту жолында барлығына табыстар тіледі. 

Сапар барысында азаматтарды жеке қабылдауда Д.Нұрмолдин аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, олар негізінен жол жөндеу, денсаулық сақтау және спорт салаларын дамыту, елді мекендерді абаттандыру және т.б. сұрақтар болды. 

     

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru