ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Облыстық Қоғамдық кеңес қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ставкаларды көбейтуді ұсынды

05.12.2017

Қазіргі уақытта облысымыздың көптеген аудандарында елді мекендердің экологиясымен және абаттандырумен байланысты бірқатар проблемалар бар екені ешкімге құпия емес, ол бізбен сіздерден ұрпағымыздың саламаттылығы үшін кезек күттірмейтін шешімдерді талап етеді. 

Қатты тұрмыстық қалдықтардың полигондарының жұмыс істеу проблемалары ең көкейтесті сұрақтар болып табылады, олардың көпшілігі ешбір санитарлық талаптарға сәйкес келмейді.   

Полигондардың заңды қатыстылығының болмауы оларды үлкен бір апаттық үйіндіге айналдырды және тұлғаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке толық көлемде тартуға мүмкіндік бермей отыр.  Сонымен қатар, 2017 жылдан бастап қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақыларды есептеудің белгіленген нормативтерінен жоғары ставкаларды 10 есеге көбейтусіз жүргізілген фактісін де ескерген жөн.

 Жалпы Ақмола облысы бойынша барлығы 547 полигон болса, тек соның 33-інде ғана қажетті құжаттары бар. Бүгінгі күні ең қолайсыз жағдай облыстың 7 ауданында пайда болды. Мысалы, тек Зеренді ауданының өзінде - 80 полигон, Ақкөл мен Целиноградта - 35-тен, Астрахан - 32.

Одан әрі де мысалдар келтіре беруге болады.

Бұл тек жай статистика емес, бұл экологиялық жағдайдың шынайы қауіпі, жұқпалы аурулардың   тарау мүмкіндігі, жерасты суларының ластануы, топырақ пен атмосфераның ластануы, сондай-ақ дала және ормандардың өрт ошақтары, жақын жерлердегі егістіктер, шабындықтар мен жайылымдардың өрттену қаупін туғызады, ол жерлерде астық және дәнді дақылдар өсіріледі, мал бағылады.   

Облысымыздың барлық деңгейдегі депутаттары мен облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері осы проблемаларды бірнеше рет көтерді.

Бүгін Ақмола облыстық қоғамдық кеңесі жұртшылық атынан тағы да атқарушы органдарды осыған назар аударуға шақырады. 

Сонымен қатар, шұғыл шешуге мүмкіндік бермейтін бюджет қаражаттарының шектелгенін түсіне отырып, аталған проблеманы  облыстық қоғамдық кеңес мүмкін нұсқалардың бірі қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ставкаларды көбейту арқылы шешуді ұсынып отыр.   

Көрші өңірлерде Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында ставкалар барынша арттырылып, 2 есеге көбейгенін мысал ретінде айтуға болады.

Өкінішке орай, 2009 жылы Ақмола облысында 20%-ға көбейтілген ставка күтілген нәтижелерге әкелмегенін, экологиялық жабдықтарды қолдануға, қазіргі заманға сай тазарту құрылғыларын орнатуға табиғатты пайдаланушыларға тиімді ықпал етпей отырғанын тәжірибе көрсетіп отыр. Бүгінгі күні қоршаған ортаға эмиссиялар көздеріне орнатылған тазарту жабдықтарының көп бөлігінің физикалық және моралдық тозуынан жарамсыз болған, оны тиімді пайдалану мүмкін емес. 

Аталған проблеманың барлық мәнін түсіне отырып, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақылар ставкасын Салық кодексінің базалық ставкасынан «2» коэффициентке көбейту есебінен талаптарды күшейтудің уақыты жетті, осы қадам табиғатты пайдаланушыларды  қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға ынталандыратынына мүмүкіндік беретіне сенімдіміз.

Сонымен қатар, ставкаларды көбейту есебінен облыс бюджетіне қосымша түсімдер сомасы өсіп, ол тиісінше күрделі сұрақтарды шешуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru