Бүгін облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Ақмола облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы болды.
Сессия жұмысына сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков, аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Б.Малғаждаров алдағы үш жылға облыстық бюджеттің негізгі параметрлерін ұсынды:
«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет 2018-2022 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленді. Бұл ретте Елбасының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында белгілеген тапсырмаларды іске асыру бойынша іс-шаралар нақтыланды. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеттің негізіне, ең алдымен, негізгі әлеуметтік проблемалар қатарын шешуге бағытталған бірінші кезектегі міндеттерді шешу алынды.
Бюджетте білім беру, денсаулық сақтау салалары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауызсумен, агроөнеркәсіптік кешенмен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламаларының іс-шараларын қаржыландыру көзделген.
Шығындардың негізгі үлесі әлеуметтік саланы дамытуға бөлінеді, яғни бюджет әлеуметтік тұрғыдан болжанған. Бюджет параметрлері азаматтарды әлеуметтік қолдау деңгейін сақтауда және облыстың одан әрі дамуына жағдайлар жасауда, экономика мен бюджеттік саланың тиімділігін арттыруда барлық әрекеттегі міндеттемелерді толыққанды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».
Депутаттар Серік Аяғанов пен Максим Божко өз сөздерінде «қалыптастырылған бюджет азаматтар алдында барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға және Ақмола облысының нық әлеуметтік экономикалық өсуі үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді» деп атап кетті.
Сессия барысында депутаттар тұрғындар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күресті күшейту шаралары бойынша жұмыс нәтижелері туралы» Ақмола облысы Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы С.К. Баймұқановтың есебін тыңдады.
С.Баймұқанов үстіміздегі жылдың басынан бері 2016 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда жалпы қылмыс, соның ішінде жастар арасында 13,2% немесе 1,5 мыңға төмендеуі байқалғанын атап кетті.
Сонымен қатар, депутаттар бірауыздан Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерелемелерін арттыру туралы, Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту және т.б. шешімдері бекітілді.
