ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жоғары атаққа лайық

14.12.2017

Ү.ж. 13 желтоқсанда кезекті сессия аяқталған соң «Ақмола облысының Құрметті азаматы» атағын беру үшін улкен зал Сағынтай Елубаевты қошеметпен қарсы алды. Облысымыздың дамуына, білім саласына, жоғары білікті мамандар дайындауға күш-жігерімен, білімімен орасан зор үлес қосып келе жатқан барша өңірге есімі мәлім адам.

Еске сала кетейік, ү.ж. 22 қарашада облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан С.Елубаевқа жоғары атақ беру туралы шешім қабылдады.

Елубаев Сағынтай Зекенұлы 1951 жылы 15 шілдеде Қарағанды облысы, Дубовка поселкесінде туған. 1975 жылы К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясының «Агрономия» мамандығын үздік бітірді.

Ассистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, институт директоры, бірінші проректордан ректорға (мемлекеттік емес және мемлекеттік университеттерде) қызмет сатысы бойынша көтерілді.

Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық академия ғылымдарының академигі, Ресей Федерациясының «Агрохимэко-ынтымақтастық» агрохимиктер мен агроэкологтардың халықаралық кеңесі бюросының мүшесі.

Ол Солтүстік Қазақстанның агрохимия саласында ірі ғалым болып табылады. С.З.Елубаевтың тікелей басшылығымен топырақтың құнарлылығын жақсартатын және қоршаған ортаны қорғауға әсер ететін, жақсы да сапалы бидай шығуын қамтамасыз ететін, Солтүстік Қазақстандағы қара топырақта дәнді дақылдар мен жыртылған жерлердегі тыңайтқыштар жүйесі құрылды.

Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдарының Ұлттық академиясының жобаларында Қазақстанды индустриалдық-инновациялық дамыту бойынша Ұлттық бағдарламасына сәйкес Солтүстік Қазақстанның ауылшаруашылығын дамыту бойынша ғылыми бағдарламаларды әзірлеуге қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша 200 ғылыми еңбегі жарияланды, соның ішінде 3 оқулық, 14 монография, 6 оқу құралы, 2 патент және 1 авторлық куәлік жарық көрді.

Қазіргі уақытта өзі негізін қалаған Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті болып қызмет атқарады. Көрсетілген мерзім ішінде ол басқарып отырған ұжым облыс пен еліміздің түрлі экономика саласында жұмыс істейтін 35 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды дайындады.

2017 жылы ол Ақмола облысынан бірінші болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ретінде сайланды.

С.З.Елубаев негізгі қызметімен қатар қала мен облыстың қоғамдық өміріне де белсенді қатысады. 2000 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП мүшесі, 2007 жылдан бастап Ақмола облыстық мәслихатының екі шақырылымының депутаты болып сайланды (IV және V шақырылымы), 2016 жылғы ақпан айынан бастап облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайланып, әлеуметтік мәселелер бойынша комиссияны басқарады. Оның басшылығымен үстіміздегі жылы Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы ҰБТ нәтижелеріне, сондай-ақ оларды жақсартуға нақты ұсыныстар мен кеңестер өңдеуге талдау қорытындысы бойынша жалпы облысымыздың білім беру саласын дамытуға әсер ететін проблемалар мен кемшіліктерді егжей-тегжейлі зерделеді,

С.З.Елубаевтың аянбай еңбек етуінің жемісі жақсы жағынан бағаланды.

Мемлекеттік марапаттарға ие болды: «Құрмет» ордені (2012ж.), медальдары: «Ерен еңбегі үшін»(2007ж.), «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл»(2011ж.), «ҚР Конституциясына 20 жыл»(2015ж.), «Қазақстандық мәслихатқа 20 жыл»(2014ж.),«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл»(2016ж.),Қазақстан Республикасы Елбасы атынан марапаттау хаты(2008ж.), ҚР Сенат Парламентінің құрмет грамотасы(2016ж.);

ведомстволық медальдары: «Қазақстан Республикасының білімін дамытуға қосқан үлесі үшін» (ҚР БҒМ) (2005ж.),«Белсенді еңбегі үшін» (Нұр Отан) (2010ж.), «ҚР ІІМ 20 жыл» (2012ж.), «Батыр шапағаты» (2016ж.) және еңбек ардагері медалі (2016ж.);

шетелдік:Socrates (Oxford) премиясы(2011ж.), агрохимия ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін «Ресейдің құрметті агрохимигі» атағы беріліп (2011ж.).

Қазақстан Республикасының Құрметті жоғары білім қызметкері атағын иеленді (2002ж).

С.З. Елубаевты үлкен ұйымдастырушы қабілеті бар тұлға, көшбасшылық қасиеттерімен, байланысқа бейімділік, мақсатқа жетуге ұмтылушылық, қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдана білу сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.

Студенттер мен оқытушылар арасында өзінің кәсіпқойлығы, білімдарлығы мен адамзаттық қасиеттері үшін үлкен құрметке ие. 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru