ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жаңа жетістіктерге сеніммен!

12.01.2018

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы  Д.Нұрмолдин -

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында жүзеге асырылуы тиіс 10 міндет айқындалған. Бұл құжатты 2050 жылға дейінгі ел дамуының ұзақмерзімді стратегиясында айтылған межеге жету үшін жасалған тағы бір оң қадам деп санаймын.

Аса қуанатын жағдай - бүгінде қоғамдық құндылықтар терең өзгерістерді бастан кешуде. Бағдарламалық  мақаланың негізгі мақсатының өзі - бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін еліміздің уақыт талабына сай жан-жақты технологиялық, экономикалық және әлеуметтік өсіп-дамуы.  

Сонымен қатар, біздің облысымыз аграрлық болып саналатындықтан Елбасының аграрлық секторға да ерекше тоқталып, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын атап өткені біз үшін өте маңызды. Әрине, әлемге танылатын «Қазақстанда жасалған» табиғи азық-түлік брендін қалыптастыруға аграрлық саланың экспорттық әлеуеті зор екені белгілі.  Бізде астықты аймақтар жетерлік. Оларды өңдейтін өнеркәсіп кешендері де қазіргі заманға сай техникамен қамтамасыз етілген. Осыған орай, ел экономикасының алға басып, дами түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан шаруа қожалықтары да бүгінде көбейіп келеді.

Ал, халықты әрқашан толғандыратын мәселе - білім беру, денсаулық сақтау,  әлеуметтік қорғау сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қалып отыр.

Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылдары әлеуметтік төлемдер мемлекет тарапынан үш рет көтерілді. Соның ішінде базалық зейнетақы 29 пайызға, ынтымақты зейнетақы 32 пайызға, денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға дейін, білім беру 29 пайызға өсті, биылдан бастап базалық зейнетақы жаңадан қаралды.

Әсіресе, жастар ешқашан назардан тыс қалған емес. Себебі, жастар - еліміздің болашағы, ал білімді ұрпақ елін биікке  жетелейтіні, ал нақты айтылған сөз адамның алғы күндеріне сенім тудыратыны сөзсіз. Жылдан жылға жарқын болашағымыз үшін барлық жағдайлар жасалуда. Осыған орай, бүгінгі Жолдауда әлеуметтік жағынан үлкен қолдау тауып,  өздеріне жасалып жатқан қамқорлықтарға алыс-жақын жатқан ауылдардағы қарттарымыз мен мүгедектер, білім алуға талпынған жастар жағының риза болатыны айқын.

Осы стратегиялық құжат - Президенттің Жолдауынан туындаған мақсаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуде әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттары да үлкен ат салысатынына сенімім мол. Сол бағытта жұмыс істеу, мүмкіндігімізше өз үлесімізді қосу - бәріміздің міндетіміз деп санаймын.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru