ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қоғамдық кеңес Ақмола облысы әкімінің есебін тыңдады

22.02.2018

2018 жылдың 21 ақпаны күні Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері алдында 2017 жыл ішінде аймақтың даму қорытындылары туралы ақпаратпен сөз сөйлеп, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының басты 10  бағыттарын іске асыру шеңберінде алға қойылған жоспарлармен бөлісті.

     Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге тоқтала келіп, облыс әкімі өңірде инвестиция көлемі 6,1%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру 17%-ға, орташа айлық жалақының 6%-ға өскендігін айтты. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80 пайызға артып, еңбек өнімділігі 5,2 пайызға дейін өсті.

Мәлік Мырзалин агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы басымдықтарға жерді тиімді пайдалануды, сүт және ет өңдейтін кәсіпорындардың қуаттарын жүктеуді қамтамасыз етуді жатқызды.

Кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап бере отырып,  өңір басшысы шағын және орта бизнестің дамуы, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы жетістіктер, автокөлік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту шаралары туралы хабардар етті.

Талқылау барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ақмола облысының құрметті азаматы Сағынтай Елубаев пен еңбек ардагері Галина Марченкова облыста аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған қыруар жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Кездесу соңында облыстық Қоғамдық кеңес 2017 жыл ішіндегі атқарушы органдардың жұмысына оң баға беріп, облыс әкімінің есебін шешіммен бірауыздан қабылдады

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru