ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Елімізге көктемнің шынайы сыйлығы

12.03.2018

     «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» - еліміз үшін көктемнің шынайы сыйлығы, барлық қазақстандықтарға әсер ететін, олардың асыл тілектеріне жауап беретін бірегей жоба.

         Ауқымды әлеуметтік жаңғыруды күттік, оның өзектілігі де мерзіміне жетті. Алға қарай ұмтылу үшін адамдар туралы ойлап, оларға жағдай жасау керек. Елбасы өз Жолдауында көкейкесті мәселелерге тоқталады, адамдарға тұрғын үй алуға, салықты төмендетуге, жоғары білімге қол жеткізуге, шағын несие алуға, елді газбен қамтамасыз етуге көмектесудің жолын қарастырады.

Президенттің ұсынған «Жеті - Жиырма - Жиырма бес» бағдарламасында әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа 25 жыл мерзімінде 7% мөлшерінде ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болады, ал бастапқы жарна сомасы тұрғын үйдің жалпы құнының 20%-ынан аспайды. Аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту нәтижесінде 2 миллионнан астам адамның жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ он есеге көбейетін болады.   Ал ең төмен жалдамалы жұмысшыларға арналған салық ауыртпалығын төмендету нәтижесінде он екі миллион адам жұмыс берушілерге жүктемені көтерместен жалақысын өсіреді. Шағын несие беруді кеңейту өзін-өзі еңбекпен қамтыған тұрғындарға жұмыс істеуге мүмкіндік береді, өз ісін бастағандардың саны артады. Көпшілік кәсіпкерлікті дамыту - бүгінгі күннің міндеті, оны шешу көптеген мәселелерді шешуге, елге өзінің өнімдері мен тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Микрокредитті 2018 жылы 62 млрд. теңгеге дейін арттыру шешімі өткен жылдың деңгейінен екі есе көп, бұл қарапайым адамдар, ауыл тұрғындарына деген қамқорлық, ертеңгі күні олар нақты ісімен мемлекеттің көмегіне жауап береді.

Бұл шын мәнінде халықтық саясат, ол Президенттің бастамалары әлеуметтік бірлікті - ұлттың әл-ауқатының негізін нығайтуға бағытталған. Біз - мықты және жауапты адамдардың бірлігі жарасқан ұлтпыз, біздің Елбасымыз - қазақ халқының ертеңгі күнге сеніммен қарау үшін бәрін жасап отырған ұлт көшбасшысы.

            Елдің аспаздық қауымдастығын таныстыра отырып, біздің ұжым бүкіл әлем бойынша көптеген жылдар бойы Қазақстанның ұлттық тағамдарын дәріптеп, беделді халықаралық форумдарда жүлделі орындарға ие болып, халықтың қонақжайлық салтының керемет дәстүрлерін көрсетіп келеді. Өткен жылы олар Испаниядағы гастрономиялық форумда абыройына қарай жоғары бағаланды, қазір біз Бурабайда ұлттық тағамдар халықаралық фестивалін жоспарлап отырмыз, отанымызда бар байлығымызды бүкіл әлемге паш еткіміз келеді.

Біз Президентіміздің бастамасын қолдаймыз, әркім өз саласында әр айтқан маңызды бастамаларын күнделікті жұмысымен, жаңа жетістіктерімен жауап беретін боламыз. 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru