ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы

30.03.2018

     2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын тиімді іске асырудың маңызды шарттарының бірі азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға кеңінен тарту болып табылады.

Қоғамдық кеңестер, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар біздің қоғамның белсенді бөлігі болып табылады. Біздің облыста олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және азаматтардың мүдделерін қорғау мәселелеріне тікелей қатысады.

Үстіміздегі жылғы 29 наурызда облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері С.Елубаев, Д.Ыбрай, Д.Жұрымбаев, бірнеше аудандар мен Көкшетау қаласы қоғамдық кеңестерінің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі азаматтық бастамалардың облыстық конгресіне қатысты.

Облыстық кеңестің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ақмола облысының Құрметті азаматы Сағынтай Елубаев біздің облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерді тұрғысынан барлық деңгейлердегі қоғамдық кеңестердің жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін қарастыру қарқындап келетінін өз сөзінде атап өтті.

«2017 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықтық бұзушылықтардың ең көп саны белгіленген мемлекеттік органдардың басшылары облыстық кеңестің алдында берген сөздерінде тұрды.

Қоғамдық кеңестің қабылданған шешіміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ішкі талдауларының санын және сапасын нығайтты».

 «Жаңару» ӨҚҰ филиалының төрағасы Әлібек Баймағамбетов қоғамдағы жемқорлық көріністеріне қарсы төзімсіздік жағдайын жасау тұрғысынан «Жаңару» ӨҚҰ-ымен бірлесе жұмыс істеудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Облыстық мәслихат депутаты бола тұрып та, Әлібек Бекболатұлы осы бағытта депутаттардың қызметі туралы хабардар етті.

«Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары Азамат Біржанов «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтты.

Конгресте сондай-ақ «Қоғамдық бақылау картасы» жобасының жүзеге асырылу барысы сұрағы қозғалды, бүгінгі күні Ақмола облысының барлық аудандарында осы жобаны енгізу және жандандыру нақты міндет болып табылады, ол халыққа кері байланыс пен азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруына себепкер болады. 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru