ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Уақыт түзетулер енгізуді талап етеді

10.05.2018

 

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың жиырмасыншы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі көптеген мәселелерді қамтыды, бірақ бастысы облыстық бюджет туралы бұрын қабылданған шешімге өзгерістер енгізу болды.

Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров дәстүрлі түрде облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстарына, салықтық және салықтық емес түсімдерге, сондай-ақ республикадан бөлінген трансферттерге назар аударды.

Олар ұсынған өзгерістер облыстық бюджеттің шығысына да, кірісіне де қатысты. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және туризм салаларындағы түрлі бағдарламаларды қайта қарап, түзету қажет екені айтылды. Шығындардың өсуі облыс орталығындағы негізгі инженерлік желілерді, аудандардағы сыртқы инженерлік желілерді жүргізу үшін қажет. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су жіберуді дамыту үшін аудандық бюджеттерге бөлінген қаржыны көбейту қажет.

Мәдениет саласына қатысты бағдарламаларға да түзетулер қажет. Осылайша, қаржыландырудың ұлғаюы «Тарихи-мәдени мұраны сақтау және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету» бағдарламасы және соларға ұқсас бағдарламаларға да қажет. Бұл тізімде, сондай-ақ жастар саясаты саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруды, туристік қызметті реттеуді қамтиды.

Атап айтқанда, облыстық маңыздағы жолдарды және елді мекендер көшелерін күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының құнын арттыру ұсынылды. Нәтижесінде жақсаратын нақты жол учаскелері анықталды.

Сессия барысында «Мемлекеттік-жекешілік меншік әріптестіктің кейбір мәселелері туралы» және «Қосымша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы» облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы түрлі комиссиялардың жаңартылған құрамы бекітілді.

            Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына облыс әкімінің орынбасары Олжас Бектенов, облыс әкімі аппаратының басшысы Қанат Шүкінев қатысты.

 

Дереккөз: «Акмолинская правда» облыстық қоғамдық-саяси газетінің интернет-нұсқасы

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru