ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі туралы ереже

Ақмола облыстық мәслихатының

 2016 жылғы 23 ақпандағы

№ 5С-47-4 шешімімен

бекітілген

 

 

 

Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес әзірленді.

2. Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі - коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, Ақмола облыстық мәслихаты (бұдан әрі -мәслихат) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган.

3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

4. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.

5. Облыстағы, саладағы, қызмет аясындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға және істің жай-күйі үшін жауапкершілік Қоғамдық кеңеске жүктелмейді және мемлекеттік органдарда болады. 

 

2. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

 

6. Азаматтық қоғамның Қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты болып табылады.

7. Қоғамдық кеңестердің міндеттері:

1)                азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және облыстық деңгейде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2)                жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;

3)                қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

3. Ақмола  облысы  Қоғамдық  кеңесінің өкілеттіктері

 

8.     Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне мыналар:

1)                бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;

2)                бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;

3)                атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау;

5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу;

6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;

8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;

9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және бекіту үшін мемлекеттік органға енгізу;

10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.

 

4. Ақмола облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру

 

9. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан қалыптастырады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.

         10. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

11. Жұмыс тобының сандық құрамын жұмыс тобы айқындайды.

12. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.

 

4. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының
мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

 

13. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы қалыптастырады.   

14. Жұмыс тобының басшысы облыстық мәслихат хатшысы болып табылады.

15. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын облыстық мәслихат хатшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде облыстық мәслихат хатшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.

16. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

17. Жұмыс тобының сандық құрамын жұмыс тобының басшысы айқындайды

18.  Облыстық мәслихат жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырады.

19. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде  облыстық мәслихатқа жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша  ұсыныстарын жібереді.

Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.

20. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

21. Облыстық мәслихат конкурс мерзімі аяқталған соң  келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде  жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.

         22. Облыстық мәслихат хатшысы отырысты ашады және жүргізеді.

         23. Отырыста осы ереженің 18 және 19-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.

24. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.

25. Жұмыс тобының құрамы облыстық мәслихат хатшысының өкімімен бекітіледі.

26. Жұмыс тобының құрамы жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

        

4. Жұмыс тобының өкілеттіктері

 

         27. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1)                тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2)         Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3)         Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;

4)                Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын үлгілік ереже негізінде әзірлейді.

 

5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу

 

         28. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.

         29. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.

         30. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.

         31. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.

         32. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.

         33. Жұмыс тобы Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.

         34. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.

        35. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

    36. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы облыстық мәслихат шешімімен сессияда бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.

         37. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.

         38. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.

 

6. Қоғамдық кеңестің жұмыс тәртібі


          39. Қоғамдық кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі.

40. Қоғамдық кеңестің отырысында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау кезінде міндетті түрде мемлекеттік органның басшысы - жобаны әзілеушісі немесе оның міндетін атқарушысының жобаны қабылдау қажеттігін негіздеу туралы баяндамасытыңдалады.

 

      7. Өтпелі және қорытынды ережелер

 

41. Осы ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне  қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен реттеледі.

42. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru