ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі

Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша серіктестері Астана қаласына шақырған болатын, алайда халық қалаулысы осында, Ақкөлде ісін дөңгелетуді, өз жерлестері үшін жайлы жұмыс орындарымен қамтуды ұйғарды. Мысалы, жақын арада Ақкөлдің дәл орталығында астаналық сауда орталығынан кем емес «Мир» деген атаумен орталық ашты.

Сонау 80-ші жылдардың басында тағдыр Валерийді өмірбаяны әйгілі адам, қарапайым ауыл жұмыскерінен ірі кәсіпорынның директорына дейін лауазымдарды атқарған Амангелді Асқаровпен жолықтырды. Қазір ол Ақкөл ауданының құрмет тұтар ардагерлерінің бірі, Құрметті азаматы. Бірнеше мәрте қатарынан депутат болғанның өзінен Симчук адамдарға қызмет етуді үйренген. Асқаров пен Симчуктың достығы уақыт өлшемімен тексерілген, ол сонау 90-шы жылдардағы тоқырауда сыналды, қала өміріне қызықпай, кіші отандарын тастап кетпей, тек осындай нағыз мықтылар ауылды көркейтті.

«Шексіз дала. .. Сортаң жер... Егер адам туған жерін сағынса, ол осы жер», - деп өз әңгімесінде Валерий мәскеулік ақынның өлең жолдарын есіне түсіреді, - бірақ мен үшін - нағыз дала адамына Қазақстанның кең даласынан мейірімді ештеңе жоқ. Мен көп жерлерде болдым, саяхаттадым, бірақ әрқашанда шын жүрегіммен үйге қуана ораламын, рахаттана даланың жұпарымен дем аламын. Өзімнің туған Ақкөлімді жақсы көремін, қалжыңдап та, шындығында да жердегі жұмақ деп атаймын. Бірде оқушылармен кездесу барысында тап біздің өлкеге теңіздің ар жағындағы елдерден құстар ұшып келіп, ұя салады, көктемде қайтып оралады деп әңгімелестік. Бұл тегін емес қой. Мұнда, өз елінде, туып өскен жерінде адамдарға өзіміздің қажеттілігімізді сезінеміз. Сенбейсіздер, көп жылдардан кейін сол балалардың бірі маған қол созып тұрып: «Сіз білесіз бе, біздің Ақкөл - әлемдегі ең керемет жер екеніне мен әлі күнге дейін сенемін»... Міне, осындай сезіммен, осындай күймен біз қадам басуымыз керек.

Шын мәнінде, мен энтузиаст және аптимиспін, білімді бағалаймын, құрметтеймін, жаңа әдебиеттерді көп оқимын, классиканы қайта-қайта оқығанды ұнатамын, бірақ балалық шақтан шаруашылық еңбекке құмарлық мені адам қатарына қосты. Менің ата-бабаларым осы жерге алыс Украина жерінен жер ауып келіп, нағыз отанын тауып, Қазақстан сияқты елде туғаныма бақыттымын. Баяғыда біреу ата-бабалардың рухы қай жерде жерленсе, сол жер адамдар үшін ардақты болады деп айтқан екен. Келесі 2015 жылы Симчуковтар әулетінің осы жерде тұрып жатқанына 115 жыл толады.

Баяғыда ұлы украин кобзары Тарас Шевченко Арал және Каспий теңізінің құмдарында баспана тұрғызған. Әлі есімде, мектеп қабырғасында біз оның шығармашылығын сүйсіне жаттағанбыз, оның өлеңдерінде туған жерді керемет суреттеген. Шевченко өз өлеңдерінде бірлікке шақырған, екі ұлттың мәдениетін, біздің бір Отанымыздың - Жер планетасының мәдениетін өзара байытуға және өзара жете түсіну туралы жазған.

Облыстық мәслихат депутаты ретінде ауданның тұрғындарымен көбірек қарым-қатынас жасауға тырысамын, менің сайлаушыларымның тілегі - мен үшін күнделікті жұмысымның негізі. Ең маңыздысы - халықтың сенімі, оны ісіңмен, қылығыңмен ақтау керек деп санаймын, сонда ғана олардың көздеріне тура қарауға болады. Сайлаушылардың өтініштерін орындауға сөз беру маған әрқашанда қиын, сондықтан да біріншіден, проблеманың мән-жайына түбегейлі жетіп қана менің қолымнан келетін шаруаны түсінген соң, шын көмектесе аламын.

Менің сүйікті де, туған Ақкөлім көркейіп, күннен күнге жақсарып келеді, мен оны ешбір астананың жайлы жеріне айырбастамаймын, ал менің жерлестеріме сондай қызмет көрсету сапасын және қызмет көрсету деңгейін жасау біз үшін шешімі бар дүние әрі біздің адамдар оған толық лайық.

Мерейтой жылы - мәслихаттың 20 жылдығында өзімнің депутаттық корпус бойынша барлық әріптестеріме еңбек сүйгіштік, жалын, адамдарға қажет біздің ауыр міндеттерімізге шығармашылық табыс тілеймін, әрқашанда жақсылыққа сенуге, игілік жасауға және үнемі биіктерден көрінуге тілектеспін.

 

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru