ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қайырбек ҚҰСАЙЫНОВ, Астрахан аудандық мәслихатының бұрынғы хатшысы, ауданның құрметті азаматы

Бүгінгі таңда мәслихат депутаттары өз аймақтарында тұратын сайлаушылардың мүдделерін қорғап, олардың өтініш-тілектерін заң жүзінде орындауға бағыт ұстап келе жатқандығы белгілі.

1995 жылы қабылданған Конституциямыздың 86-бабында жергілікті өкілетті органдар жайында: «Мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды» - деп атап өтілген. Жалпы, өкілетті органдар арқылы еліміздегі қарапайым азаматтардың мүддесін халық қалаулылары қорғайды. Демек, депутатқа жүктелер жауапкершілік жүгі де жеңіл деп айта алмаймыз.

Өз басым осы өкілетті билік органына 1996 жылдың желтоқсан айында өткен кезектен тыс сайлауда келдім. Он бір жыл қатарынан аудандық мәслихат хатшысы болдым. Оған дейінгі атқарушы биліктегі аудан әкімінің орынбасары болған қызметім де жеңіл емес еді. Ол сонау тоқсаныншы жылдардың аяғы, қайта құру кезеңі болғандықтан, зейнетақы мен жалақы уақытында берілмей, халықтың тұрмыстық жағдайы нашарлаған уақыт қой. Сол тұста жұрттың сенері де, ерері де осы депутаттар болды.

Сондықтан да, біз өз қызметіміз барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында кездескен мәселелерді аудан басшылығымен бірлесе отырып, мүмкіндігінше тездетіп шешуге тырысатынбыз. Әсіресе, депутаттарды аудан өмірінің барлық жақтарымен жан-жақты таныстырып, аймақ тұрғындарын мазалайтын басты-басты мәселелерді сессияларда уақыт оздырмай қарауға талпындық. Сол шақырылым депутаттарының өздері де елдің, шалғайдағы ауыл тұрғындарының жағдайын жақсы білетін өте елжанды азаматтар болды. Олардың қатарында «Гранит» акционерлік қоғамының басшысы В.Ком, «Қызылжар» шаруа қожалығының басшысы, марқұм Е.Ыбраимбеков, «Фермер»шаруа қожалығының басшысы В.Пельцер, сол кездегі аудандық аурухананың бас дәрігері Н.Сембаевтар бар еді. Олар талқыға түсіп, қарауға ұсынылған әрбір мәселені жіті зерттеп, тиісті шешім қабылданғаннан кейін оның орындалуын мұқият қадағалап отыратын. Әсіресе, сессияда бюджетті қарағанда, әрбір тармақ ұзақ талқыланып, отырыс өте қызу жағдайда өтетін. Бұл бәлкім, біздегі кірістің аз, шығыстың көп болғандығына да байланысты болған болар. Мәселен, 1998 жылы аудан бюджетінің бар болғаны 280 миллион теңге ғана болғаны әлі есімде. Осындай қиын кездерде аудандағы ауыз су мәселесін шешуде бізге сол кездегі Парламент депутаты Зәуре Қадырова көп көмектесті.

Ал, қазір ауданның бюджеті 3 миллиард теңгеден асады. Халықтың жағдайы сол өтпелі кезеңге қарағанда, бүгінде айтарлықтай жақсарды. Ол уақыттағыдай емес, бүгінгі күні қарттар зейнетақыларын, бюджеттік сала қызметкерлері жалақыларын уақытында алады. Бұл өзгерістер бәлкім, қазіргі жас буынға байқалмайтын да болар. Бірақ, осы қиындықтың барлығынан өттік. Ештеңе де көктен түсе қалған жоқ. Біз бүгінгі ұрпақтың санасына экономикасы дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік саясат аренасында өзін мойындатып үлгерген қазіргі Қазақстанның игі жетістіктерін айтып түсіндіруден жалықпауымыз керек. Мемлекет басшысы өзінің «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында атап өткендей, бүгінгі біз қол жеткізіп отырған жетістіктер қандай да бір виртуалды қаржы институттары арқылы емес, адамның еңбегімен келді. Республикамыздың нағыз қалыптасу кезеңінде мемлекеттік құрылымда жұмыс істеген азамат ретінде мен мұны анық айта аламын.

Еселі еңбек еткеннің несібесінің ешқашанда кем болмайтындығы уақытпен дәлелденген айна-қатесіз шындық. Ендеше, 2050 жылға дейінгі ел дамуының ұзақмерзімді бағдарламасын, «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыруға әрбіріміз қажырлы еңбегімізбен үлес қосар болсақ, еліміздің бағындырар биіктері әлі алда деп айтуға болады. Ал, Мәңгілік ел атанып, тарих сахнасынан түспеуді көздеп отырған мемлекетімізге мәслихаттардың қосар үлесі - жергілікті халықты мазалайтын мәселелерді ушықтырмай, дер кезінде шешуге атсалысу болып табылады. Мен барша мәслихат қызметкерлері мен депутаттарын алда келе жатқан мәслихаттардың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтап, жергілікті өкілетті органның жұмысына тек табыс тілеймін!

 

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru