ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты

Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті орган - мәслихаттарға да 20 жыл толып отыр.

Бұрын аудандық мәслихат депутаты болсам, 2012 жылдан бастап облыстық мәслихат депутаты ретінде жерлестерімнің мүддесін қорғап келемін. Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесімін. Комиссия отырыстарында қарауға енгізілетін әр алуан мәселелердің бәрін жан-жақты сараптап, келіспейтін жерлерімді айтып, өз ойымның дұрыстығын дәлелдеуге тырысамын. Кейде біздің сөзге келіп қалатын сәттеріміз де аз болмайды. Әрине, бас пайдамыз үшін жаға жыртысып жатқан жоқпыз. «Бір бастан екі бас жақсы», «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалдарда айтылғанындай, әйтеуір, қабылдайтын шешімізден халыққа бір пайда болса екен дейміз.

Осыдан 20 жыл бұрын кәсіпкерлікпен айналысам деп шешім қабылдағанда, мен бүгінгідей беделді бизнесмен емес едім. Аздан бастап, қиындыққа мойымай, ыжһаттылықпен алға басудың арқасында өрісіміз кеңейе бастады. Бір түсінгенім, сәл нәрсеге сағыңды сындырмай, еңбек етер болсаң, ол сенің ысылып, мол тәжірибе жинақтауыңа сеп болады екен. Алғашқы жылдары сепкен бидайымыз да шықпай, қатты шығынға ұшыратқан еді. Енді міне, бүгінде менің сол «Сарытомар» шаруашылығым шағын кластерге айналды. Өзіміз бидай егеміз, өзіміз астықты жинап, өңдейміз. Айта кететін бір жайт, біз шығаратын нан өнімдері өз өңірімізден басқа, көршілес Бурабай мен Еңбекшілдер аудандарында да саудалға шығарылады. Соның арқасында алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы техникасына да қол жеткізуге мүмкіндік алып отырмыз. «Борго» және «Вектор» комбайндарымен астық жинап, арнайы тапсырыспен Италиядан қамыр илейтін «BYSKY 460» машинасын да алдырттық. Қазір нан пісіру цехындағы ұн өнімдерінің мол түрі көздің жауын алады. Шебер азпаздар тоқаш мен нан өнімдерінің түр-түрін әзірлейді. Тек түнгі ауысымның өзінде цехта 10 тоннадай ұн өңделеді. Мұның барлығын да халық тұтынатын өнімдердің сапасын арттырып, жұртшылықтың көңілінен шығуға жасалып жатқан оң қадамдар деп түсінген жөн.

Маңыздылығы жағынан жеке кәсібімнен кем түспейтін депутаттық мандатыма келер болсам, өз басым қашанда аудан халқының көңілінен шығып, сенімін ақтауға тырысамын. Менің ойымша, депутат ең алдымен, ел игілігі үшін жұмыс істеуі керек. Бұл жолда біз жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыс орната отырып, халықты толғандырған мәселелерді шешуге талпынып келеміз. Осы орайда, депутат ретінде бүгінде өңір халқын толғандырып жүрген өзекті мәселелерге тоқтала кеткенді жөн санап отырмын. Аудан орталығына транзиттік автобустар кірмей, жолаушыларды трасса бойына тастап кетеді. Сонау шеттен қалаға, қаладан өз үйлеріне жеткенше халық әбден шаршап-шалдығады. Қыстың үскірік аязында жағдайымыз тіпті қиындайды. Тағы бір түйткілді мәселе - Степгеология елді мекеніндегі шпалдарды улы креазотпен өңдеу тұрғындар үшін қауіпті болып отыр. Алдағы уақытта да, шамам келгенше, осы сияқты аймақ тұрғындарын мазалаған мәселелерді көтеріп, олардың оң шешілуіне атсалысуды мақсат тұтамын.

Әрине, адам болғаннан кейін, жағдайымыз барда айналамыздағы қоғамның әлжуаз топтарына неге қолдау көрсетпеске? Қайырымдылық - менің өмірімнің ажырамас бір бөлігі. Өз қаражатыма салынған мешітке, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, споршылар мен дарынды балаларға, қажетінше көмек қолымды созуды өз азаматтық борышым деп санаймын.

Алға қойған жоспарларым да жетерлік. Ең бастысы, қандай қиындық болса да, төзуге тырысамын. Қазақтың: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деген ғажап мақалында менің негізгі өмірлік кредом жатқан сияқты. Болашақта осы бетіммен сайлаушыларымның көңілінен шығып, олардың көкейіндегі мәселелерді мінберден көтеріп, солардың оң шешілуіне атсалыса білсем, ол менің өзіме жүктелген міндетті ақтауға тырысқаным, ел дамуына қосқан аздаған бір үлесім деп ойлаймын.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru