ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес туралы

Ақмола облысы

мәслихаттарының 

қызметін үйлестіру

жөніндегі кеңес туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес, мәслихаттар жұмысын тиімділігі арттыру және жетілдіру, олардың қызметіне тәжірибелік көмек көрсету  мақсатында Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес құрылсын және оның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. «Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес туралы» ереже 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.

4. «Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 6С-2-9 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облыстық               мәслихаты                                             сессиясының төрағасы

 

 ________ Ж.Әміржанов

        Ақмола облыстық

        мәслихатының

        хатшысы

 

       ________   М. Балпан

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының

2021 жылғы 10 наурыздағы

№ 7С-2-16 шешіміне

1 қосымша

 

 

Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру

жөніндегі Кеңестің құрамы

 

 

Балпан Мұрат

Сағатұлы

Ақмола облыстық мәслихатың хатшысы, Кеңестің төрағасы

 

Баталов Болат

Сәбитұлы

Ақмола облыстық мәслихат аппараты басшының орынбасары, Кеңестің хатшысы

 

Қалышев Рүстем Серікұлы

 

Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Қабар Хайрым

Степногорск қалалық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Салыбекова

Жұлдызай Таубайқызы

Ақкөл аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Қазбеков

Ербол Ерсайынұлы

Аршалы аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Қожахмет

Мирам Қосманұлы

Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Қамбатыров

Бірлік Төлегенұлы

Атбасар аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Құсайынов

Шахман Байдүйсенұлы

Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Нұрпанова

Малика Боранбайқызы

Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Әбілов

Бегіндік Қуандықұлы

Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Шәуенов Серік

Жанатұлы

Біржан Сал аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Абжиков Медеу Ерболұлы

Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Ағымбаева Сәуле Камелқызы

Есіл аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Пішембаева

Данагүл Савелқызы

Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Әлжанов

Асылхан Қапашұлы

Жарқайың аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Ауғалиев Қайрат Досымұлы

Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Рыспаев

Берік Оралбайұлы

Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Қадырова

Гүлмар Ерғалиқызы

Сандықтау аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Ыбыраев Болатбек Мухтарұлы

 

Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

Сәдуақасова

Гүлнұр Әнуарбекқызы

Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы (келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының

2021 жылғы 10 наурыздағы

№ 7С-2-16 шешіміне

2 қосымша

 

 

Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру

жөніндегі кеңес туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы заңнамасы мен осы ережеге сәйкес Ақмола облысындағы мәслихаттардың қызметін үйлестіру үшін құрылған консультативтік-кеңестік орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларын, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

3. Кеңес туралы ереже және оның құрамы, оған енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер облыстық мәслихат сессиясында бекітіледі. 

4. Кеңес заңды тұлға құқығын иеленбейді және оның шешімі ұсыныс сипатында болады. 

2. Кеңестің негізгі міндеттері

           5. Кеңестің негізгі міндеттері келесілер болып есептеледі:

1) облыс мәслихаттарының өз құзіреті шегінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және облыс халқының мүддесінде жалпы мемлекеттік саясатқа сәйкес басқа да сұрақтар бойынша іс-қимылдар мен қабылдайтын шешімдерді үйлестіру;

           2)  мәслихаттар жұмысының оң тәжірибесін қорыту және тарату:

- қоғамның демократиялануын дамыту сұрақтарында;

- мәслихаттардың тәжірибелік қызметін ұйымдастыруда;

- депутаттардың өкілеттігін жүзеге асыру үшін жағдай жасауда;

- өкілетті органдардың атқарушы органдар және ҮЕҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қамтамасыз етуде;

- мәслихат сессияларында бекітілген аймақтық бағдарламаларды белгіленген міндеттерді шешуде.

          3) Қазақстан Республикасының заңнамалық-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында белгіленген тәртіпте заңнамалық органдарға ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

4) мәслихаттар, тұрақты комиссиялар мен мәслихаттардың басқа органдары қызметінің сұрақтары бойынша сайлаушылар отырысы, семинарлар мен кеңестер өткізуді әзірлеу мен өткізу жөніндегі бірлескен жұмыс;

5) мәслихаттар, депутаттар қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде алдыңғы тәжірибені насихаттау.

3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру

            6. Кеңесті төраға басқарады.

7. Төраға Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басшылыққа алады, оның шешімдерінің толық жүзеге асырылуын қадағалайды, кеңес отырысын жүргізеді, міндеттердің орындалуына және Кеңес жүзеге асыратын қызмет үшін жеке жауапкершілікте болады.

8.  Кеңестің төрағасы мен хатшысы Кеңестің бірінші отырысында сайланады.

9. Кеңес отырысы қажеттілік тууына қарай жүргізіледі, бірақ тоқсанына бір реттен кем болмауы керек.

10.   Кеңес отырысының, егер оның жұмысына Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса, құқығы бар деп есептеледі. 

11. Кеңес шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және кеңес мүшелерінің жалпы санының басым бөлігі олар үшін дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда төрағаның дауыс берген шешімі қабылданады.

12. Кеңес шешімі хаттамамен рәсімделеді және төраға мен хатшысының қолдары қойылады. Хаттама облыстың аудандық және қалалық мәслихаттарына жіберіледі. 

13. Кеңес мүшелері ерекше пікір білдіру құқығына ие болады және оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі қажет.

        14. Кеңес Кеңестің бірінші отырысында бекітілген жұмыс жоспары мен бекітілген күн тәртібіне сәйкес отырыс жүргізіледі. Кеңестің жұмыс жоспары Кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескеріп, құрылады. 

         15. Кеңес жұмысы туралы ақпарат облыстық әкімдікке, облыстық мәслихат депутаттарына, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберілуі мүмкін. 

         16. Кеңестің қызметін құқықтық, ақпараттық, ұйымдастыру және техникалық қамтамасыз етуді Кеңес хатшысы және облыстық мәслихат аппараты жүзеге асырады.  

 

 4. Кеңес қызметін тоқтату

 

17. Кеңес өз қызметін Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен кем емес немесе облыстық мәслихат шешімімен тоқтата алады.

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru