ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

"Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру Ережелерін бекіту туралы

 

07.12.2012 жылғы редакциясында

Жарияланған: «Арқа ажары» 2009 жылғы 12 желтоқсанда; «Акмолинская правда» от 12 декабря 2009 года

 

Ақмола обыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4C-17-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 26 қарашада № 3338 тіркелді

 

 

"Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру Ережелерін бекіту туралы

2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын берудің қоса беріліп отырған Ережелері бекітілсін.

2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облыстық


мәслихаты сессиясының


төрағасы

А.Куликов

Ақмола облыстық


мәслихатының хатшысы

Ө.Мұсабаев

 

Ақмола облыстық мәслихатының
16.10.2009 жылғы
№ 4С-17-5 шешімімен
БЕКІТІЛДІ

«Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру Ережелері туралы
1. Жалпы ережелер

1. Осы «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру Ережелері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын берудің тәртібін реттейді.

2. «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын (әрі қарай – атақ) беру облысты  дамытудағы азаматтардың экономикалық және әлеуметтік белсенділігін арттыруда ынталандырудың, құрметті азаматтардың жемісті еңбегін, олардың қабілеттіліктерін, дарындылығы мен бастамашылдығын танудың маңызды бір моралды түрі болып табылады.

3. Атақ азаматтарға беріледі:

1) жоғары мемлекеттік наградалары бар кәсіби міндеттемелерін немесе азаматтық парызын орындауда жеке ерлік көрсеткендерге;

2) өзінің еңбек қызметі кезеңінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандарға, еңбекке деген мүлтіксіз және шығармашылық көзқарасы, қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін;

3) облыстың экономикалық өсуіне және әлеуметтік дамуына белсенді ықпал еткен инновациялық қызметі мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізгендігі үшін;

4) ғылым, әдебиет, өнер салаларына, басқа да шығармашылық қызметіне, мәдениет пен спортты дамытуға, білім, денсаулық сақтау сапасын көтеруге ерекше үлес қосқандарға;

5) ұлтаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достықты, облыста тұрып жатқан халықтардың арасында ынтымақтастықты нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін;

6) заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткендігі үшін;

7) азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғаудағы, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі, Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) елдегі және шет елдердегі беделін көтерудегі белсенді жұмысы үшін.

4. Атақ мемлекеттік қызметте өзін көрсете білген мемлекеттік және саяси қызметшілерге және облыстың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына ықпал еткен азаматтарға ерекше құрмет ретінде берілуі мүмкін.

5. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына тірі кезінде беріледі.

2. Атақ беруге ұсыну тәртібі

6. Атақ облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің ұсынысы бойынша сәйкес мәслихатпен беріледі, жылына бір рет, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай.

Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді, Ақмола облыстық мәслихатының 2010.06.18 № 4С-25-10 (қолданысқа енгізу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) шешімімен.

6-1. Ұсынылған азаматтар жиынының, өндірістік кәсіпорынның еңбек ұжымы жиналысының, ұйымның, мемлекеттік мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, партияның хаттамаларын, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттарының өтініштерін дәйекті қарастыру мақсатында облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің өкімімен құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері кіретін 9 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылады.

Жұмыс тобының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және жұмыс тобының жалпы санының басым бөлігі олар үшін дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда жұмыс тобының басшысы дауыс берген шешім қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері ерекше пікір білдіру құқығына ие болады, және оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі қажет.

Жұмыс тобының шешімі ұсынымдық сипатта болады, хаттамамен рәсімделеді және басшысы мен хатшысының қолдары қойылады.

Ескерту. Ереже 6-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облыстық  мәслихатының 07.12.2012 № 5С-8-11 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

7. Атақ беруге ұсынылатын кандидатура туралы ұсыныс және материалдар сәйкес мәслихатқа, оның Регламентіне сәйкес жолданады.

8. Облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімі сәйкес мәслихатқа ұсынылатын кандидатураға қатысты мынадай құжаттарды ұсынады:

1) азаматтар жиынының, өндірістік кәсіпорын еңбек ұжымдары, ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, партиялар жиналыстарының хаттамасы, облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының үндеуі;

2) өндірістік, шығармашылық, қайырымдылық қызметтердегі нақтылы еңбегінің, Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) әлеуметтік, экономикалық дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтері, наградтау күнінің көрсетілуімен үкіметтік емес және басқа наградалардың тізілімі енгізілген мінездеме;

3) кандидатураның өмірбаяны туралы мәліметтер;

4) ерекше еңбегін және мемлекеттік наградаларын растайтын құжаттар.

3. Атақ берудің тәртібі

9. Сәйкес мәслихаттың заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясы сәйкес мәслихаттың сессиясында қарау үшін ұсынылған кандидатура бойынша қорытындыны береді.

10. Сәйкес мәслихат атақ беру жөнінде шешім қабылдайды.

11. Атақ берілген тұлғаға «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» куәлігі, төс белгісі (бұдан әрі – төс белгі) салтанатты түрде беріледі және оның есімі сәйкес мәслихаттың аппаратында сақталатын Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматтарының Кітабына хронологиялық тәртіппен енгізіледі. Барлық атақ алғандардың фото суреттері, атақ беруге негіз болған еңбектері көрсетілген мәліметтер Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматтарының Кітабына енгізіледі.

12. Атақ алған тұлғалар куәлік пен төс белгісінің сақталуын қамтамасыз етулері тиіс.

Атақ берілгендігін растайтын құжаттар жоғалған жағдайда, оны иеленген тұлға өзінің құқықтарын сақтап қалады.

13. Жоғалған жағдайда атақ беру туралы құжаттардың көшірмелері сәйкес мәслихаттың шешімімен беріледі.

4. Төс белгінің көрінісі

14. Төс белгісі алтын түсті металдан жасалады, диаметрі 20 миллиметрлі және қалыңдығы 4 миллиметрлі дөңгелек. Төс белгінің бет жағының орта тұсында «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» деген мемлекеттік тілде, сәйкестеліп жазылған жазу бар, төменгі жағы екі жақтан симметриялы орналасқан лавр гүлдестесі бұтағымен көмкерілген. Төс белгі тесікше және сақинаның көмегімен, ені 27 миллиметрлі, биіктігі 15 миллиметрлі тік бұрышты қалыпқа бекітіледі. Қалып алтын түсті металдан жасалады. Қалыптың бет жағында Қазақстан Республикасының туы бейнеленген. Қалыптың бет жағының қырлары алтын түстес. Барлық бейнелеулер мен жазулар дөңестеліп келеді. Қалыптың сырт жағында атақ иегерінің киіміне тағуға арналған тиісті құралы бар.

15. Төс белгілер мен олардың куәліктерін дайындау Ақмола облысы (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің аппаратына жүктеледі.

16. Төс белгілер мен олардың куәліктерін дайындау шығындарын қаржыландыру сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

5. Атақтан айыру және қалпына келтіру

17. Атақтан айыру тек сәйкес мәслихаттың шешімімен мынадай жағдайларға байланысты жүргізіледі:

1) соттың айыптау өкімінің заңды күшіне енуіне;

2) тұлғаның атаққа кір келтіретін әрекет жасауы, атаққа ұсыну туралы ұсыныс білдірген ұжымның, сондай-ақ құқық қорғау органдарының ұсынысы бойынша.

18. Заңсыз сотталған және соттың шешімімен толық ақталған тұлғалардың атаққа құқықтары қалпына келтіріледі.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru